1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
2025 жылдың сәуір айында МӘМС қаражаты есебінен жүргізілген 10 бірегей және қымбат операцияларды жинап шықтық. Алматылық дәрігерлер бірегей ота жасап, сирек кездесетін ісікті алып тастады 42 жастағы азамат ондаған жыл бойы саусағындағы ауырсынуға шағымданып келген. Ол саусағын бала кезінде жарақаттаған екен. Уақыт өте келе бұл ауырсыну шынтақ, иық пен жауырынға дейін тараған. Бірнеше медициналық мекемеге жүгінгенімен, нақты диагноз қойылмай, жүргізілген ем нәтижесіз болған.

Тек №7 Қалалық клиникалық аурухананың Нейрохирургия орталығының мамандары науқасқа сирек кездесетін Барре-Массон ісігі диагнозын қойып, микрохирургиялық жолмен ісікті сәтті алып тастады. Отадан кейін саусақтағы ғана емес, шынтақ, иық және жауырын тұсындағы ауырсыну да бірден басылды.

Нейрохирург Әлімхан Халимовтың айтуынша, Барре-Массон ісігі – өте сирек кездесетін және диагноз қоюы қиын патология. Кей жағдайларда науқасқа нақты диагноз 40 жылдан кейін ғана қойылады екен.

Аягөзде алғаш рет білек сүйектеріне күрделі операция жасалды 59 жастағы әйел сол жақ білектің ауырсынуымен ауруханаға жүгінді. Дәрігерлер білек сүйектерінің жабық ығысқан сынығын анықтап, шұғыл операция жасады.

Жалпы анестезиямен және С-доға рентген аппаратының көмегімен сүйектік блокталатын остеосинтез әдісі қолданылды. Операцияны травматолог Олжас Бәйтереков сәтті жүргізді.

«Мұндай операциялар жоғары дәлдік пен заманауи техниканы талап етеді. Біз алдағы уақытта да озық әдістерді енгізуді жалғастырамыз», – деді хирург.

680 000 теңгеден асатын бұл операция МӘМС жүйесінде сақтандырылған пациент үшін тегін жасалды.

Қонаевта тізесінде ине жүрген әйелге сәтті ота жасалды 46 жастағы тұрғын аяғында бөгде зат барын білмеген. Айтуынша, бірнеше жыл бұрын тізе буыны қақсап ауыра бастапты. Алғашында сүйегі қажалып, жарық ауруына ұшыраған деп болжаған. Кейіннен ауруханаға келіп, дәрігерлер көмегіне жүгінген.

«Дәрігерлерге аяғымның мәселесімен келгенмін. МРТ-ға жолдап, мені тексеруге жіберді. Соның нәтижесін көрген емдеуші дәрігерім аяғымның тізе бөлігінде бөгде зат барын айтты. Тігін инесі қай уақытта кіргенін білмеймін. Сезген жоқпын. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бармын. Мәртебемді тексерген соң, жоспарлы отаға дайындай бастады», — дейді науқас Бақыт Ахметжанова.

Дәрігерлердің айтуынша, науқасқа сәтті ота жасалып, ол бірнеше күннен кейін аяққа тік тұрған.

Шымкентте жүрек-қан тамыры 99 пайызға бітелген пациент аман қалды 59 жастағы науқастың жүрек-қан тамырларының бірі 99%-ға дейін тарылып, инфаркт қаупі туындаған. «Хадиша» клиникасының кардиохирургтары коронарография жасап, зақымданған тұсқа стент орнатты. Стент тарылған қан тамырын кеңейтіп, жүрекке қанның қалыпты баруын қамтамасыз етті.

Дәрігерлердің айтуынша, күрделі ота жергілікті жансыздандырумен жасалған. Пациент операция кезінде есін біліп жатқан. Қазіргі жағдайы жақсы.

«Мұндай оталар елімізде кең таралған және МӘМС аясында тегін жүргізіледі. Орташа құны – 2 млн теңге», – деді кардиохирург Ұлан Бахтыбаев.

Жезқазғанда 1,5 жасар балаға күрделі ми отасы жасалды Балада алғашқыда инфекциялық аурудың белгілері, яғни құсу мен әлсіздік болған. Ата-анасы дәрігер көмегіне жүгінген кезде сәби есінен таңған. Компьютерлік томография кескіні баланың миын толықтай ісік басқанын көрсетеді.

Мұндай диагноз кезінде баланы аман алып қалудың жалғыз жолы – ота. Жезқазған қаласындағы облыстық көпбейінді аурухананың нейрохирургтері дереу іске кіріседі. Ота 3 сағатқа созылды. Миға қысым түсірген ісіктің көлемі 5*4 см құрады.

Отадан кейінгі кезең қалыпты жағдайда өтті. Бала есін тез жиып, жарасы тез жазылды. Жағдайы тұрақтанып, жақсара бастағаннан кейін науқас үйіне шығарылды.

Дәрігерлер бауырын ірің басқан екібастұздық тұрғынды аман алып қалды Екібастұздық ер азамат ауруханаға дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, қатты әлсіреген халде жеткізілген. Бастапқыда оған уытты гепатит яғни, зиянды заттардан бауырдың улануы деген диагноз қойылған. Компьютерлік томография бауырда ірің жиналған абсцесс бар екенін анықтайды. Бұл – шұғыл хирургиялық араласуды қажет ететін қауіпті қабыну.

«Алдын ала дайындықтан кейін науқасқа аз инвазивті тәсілді қолдана отырып, абсцесті тері арқылы дренаждау операциясын жасадық. Ота тіліксіз және тек инемен тесу арқылы УДЗ бақылауы мен рентген көмегімен жүргізілді. Ота сәтті өтті, бірден 250 мл ірің сыртқа шығарылды», — деді Павлодар қалалық №1 ауруханасының хирург-дәрігері.

Ордабасыда жүрек-қан тамырларына ота жасау МӘМС аясында қолжетімді Түркістан облысы Ордабасы аудандық орталық ауруханасында заманауи «Allia IGS 3» ангиографы орнатылды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында мұнда қазірдің өзінде 8 күрделі ота жасалды. Атап айтқанда, 4 коронарография, 1 коронарлық артерияға стент қою және 3 селективті церебралды ангиография.

Бұл медициналық көмек тек Ордабасы ауданының тұрғындарына ғана емес, көршілес Байдібек және Арыс аудандарының тұрғындарына да қолжетімді. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының нейрохирургі Нұрхан Үтенов пен Санкт-Петербургтен келген эндоваскулярлық кардиохирург Павел Токарев жергілікті дәрігерлермен өз тәжірибелерімен бөлісті.

Басты мақсат – ауыл тұрғындары уақытылы әрі сапалы медициналық көмек алулары үшін, заманауи көпсалалы ауданаралық ауруханалар желісін қалыптастыру.

Петропавлдық дәрігерлер 66 жастағы кейуананың бас ми ісігін алып тастады Науқас көп жылдар бойы сүт безі обырымен күресіп, 6 курс химиотерапиядан өткен. Қатерлі дерттің бетін қайтарады. Алайда, арада 9 жыл өткен соң өкпесі мен бас миына тараған жасырын метастаз анықталған.

Пациент Астанада жоспарлы ем қабылдауы қажет болатын. Бірақ, жағдайы күрт нашарлап, эпилепсиялық талма алады және сал ауруына шалдығып, сөйлеу қабілеті бұзылған. Ол шұғыл түрде Петропавлдағы көпбейінді облыстық аурухананың нейрохирургия бөліміне жатқызылып, дәрігерлер ота жасауға дайындайды. Қосымша медициналық тексерулердің нәтижесінде метастаздардың ұлғайып, миға қатты қысым түсіріп жатқан ісігі анықталады. Петропавлдық білікті дәрігерлер құрамы оған күрделі отаны сәтті жасап шыққан.

Қазір пациент химиотерапия және сәулелік терапия алып жатыр.

Түркістан облысында эпилепсиямен ауыратын жасөспірімге ота жасалды Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері эпилепсияға шалдыққан 14 жастағы науқасқа сәтті ота жасады. Мұндай ота түрі өңірде алғаш рет болған.

Мамандардың айтуынша, соңғы уақытта жасөспірімге дәрі-дәрмек әсер етпей, жағдайы нашарлаған. Пациенттің жағдайы ескеріліп, нәтижесінде ота жасалды. Ота кезінде дәрігерлер науқасқа хирургиялық жолмен жүйке жүйесіне стимулятор орнатқан. Бұл оның денсаулығын түзеп, эпилеписиялық талманың ауырлығын жеңілдетіп, жиілігін төмендетуге мүмкіндік береді.

Күрделі операцияны жасау үшін аурухана базасында ҚР балалар нейрохирургтары қоғамының президенті, №2 Алматы қалалық балалар клиникалық ауруханасының нейрохирург дәрігері Азамат Жайылғанов тәжірибесін өңір дәрігерлерімен бөлісті.

Түркістан облысында шеберлік сағаты аясында балаларға жақ-бет хирургиялық оталар жасалды Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген 9 бала жақ-бет аймағына жасалатын реконструкциялық отаның екінші кезеңінен өтті. Сонымен қатар, бір пациентке төменгі жақтағы көлемді ісікті алып тастау және бір мезетте пластикалық түзету отасы жүргізілді. Жергілікті дәрігерлер мен шақырылған мамандардың бірлескен еңбегі нәтижесінде күрделі оталар сәтті аяқталды.

Кішкентай науқастарға толыққанды медициналық қызмет көрсетілді: диагностика, ота, оңалту және психологиялық қолдау.

Шеберлік сағаты барысында туабітті және жүре пайда болған аномалиялары бар балаларға бірқатар реконструкциялық-пластикалық оталар да жасалды. Барлық хирургиялық араласулар асқынусыз өтті.
20.05.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу